«Алматы политехникалық колледжі» МҚКП-ға
2011-2012 оқу жылына қабылдаудың
ЕРЕЖЕСІ
1. Алматы политехникалық колледжіне Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының заңдылығында анықталған тәртіп бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ талапкерлер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының білім мекемелерімен халықаралық шарт және келісіммен, сондай-ақ контрактіге отырғандар; Қазақстан Республикасының азаматы емес қазақ ұлтының өкілдері, негізгі жалпы, орта жалпы немесе бастауыш кәсіптік біліммен қабылданады.
Қазақстан Республикасы заңдылығында қарастырылған, сонымен қатар Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық келісім-шарт тәртібімен басқа да шетел азаматтары мен азаматтығы жоқтар оқуға түсуге құқылы.
2. Алматы политехникалық колледжіне оқуға түсу кезіндегі қабылдау үшін квота қарастырылған:
-мүгедек балалар, бала кезінен мүгедектер, І – ІІ топтардағы мүгедектер есебіндегі азаматтарға – 0,5 пайыз;
-соғыс мүгедектері мен соғысқа қатысушылардың кепілдігіне және жеңілдігіне теңестірілген азаматтарға – 0,5 пайыз;
-ауылдың /селоның/ әлеуметтік – экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтарға ауылдық /селолық/ жастар есебіндегі азаматтарға – 30 пайыз;
-Қазақстан Республикасының азаматтары емес қазақ ұлттық азаматтарына -0,5 пайыз;
-ата – анасының қарауынсызқалған балалар мен жетім балаларға -0,5 пайыз.
3. Кәсіптік білімі бар азаматтар ақылы негізде оқуға қабылданып, қысқартылған мерзімде қысқарған білімдік бағдарламамен оқуға қабылданады.
4. Колледжге оқуға түсу өтініштері маусымның 20-сынан тамыздың 20-ына дейінгі күндізгі бөліміне, маусымның 20-сынан қыркүйектің 20-сына дейін сырттай оқу бөліміне қабылданады.
Түсу емтихандары:
- күндізгі бөлімге тамыздың 1-інен 28-іне дейін;
- сырттай оқу бөліміне тамыздың 1-інен қыркүйектің 25-іне дейінгі аралықта өткізіледі.
5. Колледжге оқуға түсу туралы өтінішіне мына құжаттар тіркеледі:
- білімі туралы құжат (түпнұсқа);
- № 086 формалы дәрігерлік анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер үшін дәрігерлік сараптама қорытындысы);
- 3х4 көлемді 4 фотосуреттер;
- жалпы білім беретін орта мектептің 2011 жылғы түлектері үшін бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижесі туралы сертификаты немесе кешенді тестілеу сертификаты.
Жеке басын куәландыратын құжаттарын (жеке куәлік, паспорт немесе туу туралы куәлік) оқуға тапсырушыда болуы тиіс.
6. Азаматтар үшін оқуға түсу емтихандар:
- орта жалпы білімі бар /орта жалпы білім беретін оқу орнын ұйғыр, өзбек тілінде бітіргендермен бұрынғы жылдары бітірген түлектер/ түлектер орта жалпы білім оқу бағдарламасы көлемінде үш сабақтан – қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, арнайы мамандық бойынша пән ретінде математикадан тестілеу әдісімен;
- толық орта білімі барлар – негізі жалпы білім оқу бағдарламасы көлемінде қазақ немесе орыс тілі, математика пәндерінен.
7. Түсу емтихандарының – тестілеу әдісімен жүргізіледі.
Колледжге түсуге талап білдірушілер түсу емтиханын қазақша немесе орысша тапсыруға құқылы.
8. Түсу емтихандарын тапсыру үшін әр пәннен 30 тестілік тапсырма (сұрақ) дайындалады.
Тестілік тапсырманың әрбір дұрыс жауабы бір баллмен бағаланады. Үш пәннен тестті тапсыруға 2 сағат 15 минут, екі пәнге – 1 сағат 30 минут беріледі. Дұрыс жауаптардың коды тестілеу біткен бойда ілініп қойылады.
Тестілеу нәтижесі тест өткізілген күні хабарланады.
9. Тестілеу нәтижесімен келіспеген талапкер аппеляцияға беруге құқылы.
Тестілеу нәтижесінен кейін бір тәулік ішінде қабылдау комиссиясына аппеляция беріледі, оны аппеляциялық комиссия арыз беруші қатысуымен қарайды.
10. Тестіні қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
11. Колледжде оқуға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі:
- күндізгі оқу бөліміне қабылдау тамыздың 25-інен 30-ына дейін;
- сырттай оқу бөліміне қыркүйектің 15-інен 30-ына дейін.
12. Конкурс:
- тестілеу нәтижесі бойынша алынған баллдың негізінде;
- БҰТ сертификаты балының негізінде;
- жоғары оқу орындарына түсу кешенді тестілеу нәтижесіне берліген сертификат балының негізінде жүргізіледі.
Негізгі орта білімі бар талапкерлер конкурс негізінде екі пәннен 20 баллдан кем жинаса, ал үш пәннен 30 баллдан кем жинаса конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
13. Көрсеткіштері бірдей болғанда оқуға түсу кезінде төмендегі жағдайда /растайтын құжаттары болғанда/: жетім балалар мен ата – анасының қамқорынсыз қалғандар дәрігерлік сараптама қорытындысы бойынша колледжерге оқуға болады деп көрсетілген І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектерге және үздік білімін растайтын құжаты /қуәлік, аттестат, диплом/ бар азаматтарға оқуға қабылдаудың артықшылық құқығы берілді.
14. Колледжге қабылдау комиссиясының ашық отырысында мамандықтар, бөлімдер және оқыту тілі бойынша жеке жүргізіледі.
15. Қабылдау комиссиясы басқа оқу орындарына конкурстан өтпеген тұлғаларды белгіленген үлгідегі мемлекеттік сертификаттың немесе түсу емтихандарының қорытындысы толтырылған анықтама қағаздарының негізінде бос орындарға қабылдауды жүзеге асыру құқығы бар.





